11
февраль
2026
Мамандыққа бағытталған танымдық сабақ – 5-сынып

📚 Мамандыққа бағытталған танымдық сабақ – 5-сыныпБүгін 5 “А” және “Б” сынып жетекшілері Н.Әбілқасымова мен А.Тукенованың ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт-бағдар беру.Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы қуантты. Олар дәрігер, ұстаз, ұшқыш, дизайнер, бағдарламашы сияқты мамандықтарды таңдап, не себепті сол кәсіпті қалайтындарын дәлелдеп айтты.
Мамандық таңдау – жай ғана кәсіп емес, ол адамның өмірлік жолы. Сондықтан мұндай сабақтар арқылы балалардың өз мүмкіндігін тануына, дұрыс бағыт алуына ықпал ету – біздің басты міндетіміз.
Болашақ – білімді де батыл ұрпақтың қолында! ✨
#Bilimbolimi
#Bilimkzo
#Shielibilim
#БіртұтасТәрбие
#ҚосымшаБілімБеру